Басты Жаңалықтар Ерлан Қарин: Ішкі саясат тұжырымдамасы – тарихи маңызы бар құжат

Ерлан Қарин: Ішкі саясат тұжырымдамасы – тарихи маңызы бар құжат

Ішкі саясат тұжырымдамасы - тарихи маңызы бар құжат. Себебі бұрын-соңды елімізде идеологиялық бағыт пен ұйымдастырушылық аясын анықтайтын жүйелі, біртұтас акт болған емес.  Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин  «Салмақты саясат қағидаттары» мақаласында осылай жазды. Мұнда елдің болашақ дамуына бағыт беретін алты негізгі қағидат айқындалған.

«Заң мен тәртіп», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әртүрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан». Шынында, тұжырымдама мемлекеттік құрылымдардың ғана емес, ақпарат, мәдениет сынды жалпы қоғаммен байланыс саласындағы жұмыстардың бәрін бір арнаға тоғыстырады. Бұл – барлығын біріздендіретін, қоғамның тұтастығын күшейтетін негізгі концепция –дейді сарапшылар.

Талғат Қалиев, Саясаттанушы, Ұлттық құрылтай мүшесі:

Қазіргі жағдайда бізге қай жақтан болсын ақпарат келе береді. Америкадан келеді, Ресейден, Араб елдерінен келеді. Сондықтан бірталай идеологиялардың астында қалдық. Құндылықтар заманға сай өзгере береді, бірақ өзгермейтін құндылықтар бар. Осы құжат цифрлық қоғамға келіп жатырмыз, инновациялардан пайда тауып жатырмыз, сол кезде ешкімнен қалмай қалай өмір сүретінімізді түсіндіріп жатыр.

Ерлан Қарин: Жүйелі реформалар оң өзгерістерге әкелді

Сондай-ақ Ерлан Қарин мақаласында жүйелі реформалардың арқасында оң өзгерістер болып жатқанын жазды. Соңғы бес жылда 1 200 мектеп пайда­лануға берілген. Денсау­лық сақтау саласында 900 нысан ел игілігіне қызмет ете бастады.  Аза­маттардың орташа өмір сүруі 75 жасқа дейін ұзарып, ал қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейі 80 пайызға қысқарды. Сонымен қатар 2,4 мың шақырым автомобиль жолы, 880 шақы­рым теміржол салынып, 1 980 өндіріс нысаны іске қосылған.

Бөлісу