Талдықорған: Әйелін атпен сүйреп өлтірген күдіктіге қатысты сот басталды
Бүгін Талдықорғанда Айзат Жұманованың қазасына қатысты алдын ала тыңдау аяқталды. Судья Әділет Бақытов сот отырысына қатысушылардың пікірлерін ескере отырып, бұл іс бойынша сот талқылауын ашық режимде өткізу туралы шешім қабылдады. Негізгі сот отырысы 5 желтоқсан күні сағат 10-да басталады.
Қайғылы жағдай 2025 жылдың маусым айында Баласаз ауылында болды. Бастапқыда
Айзат Жұманованы күйеуі Айбар Жанболат екіге толмаған қызының көзінше атпен
сүйреп өлтіргені айтылды. Алдын ала тыңдауда прокурор Нұрлан Билібеков айыптау
актісін толық оқып шықты. Сөзінше сотталушы Айбар Жанболат 22 маусым күні масаң
күйде әйелі Жұманованы есінен танғанша ұрып-соққан. Артынша қылмысты жасыру
мақсатында облыстық ауруханаға жеткізген. Алайда 32 жастағы Айзат Жұманова
жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Нұрлан Билібеков, мемлекеттік айыптаушы:
Сағат 05:00 шамасында Айбар Жанболат тауға атпен мал бағуға кетіп, 16:30 шамасында үйіне келген. Сол кезде Жұманованың табалдырықта біреумен сөйлесіп тұрғанын көріп, кіммен әңгімелескенін сұраған. Жұманова жауап бермей, үйге кіріп кеткен. Ашуланған Айбар Жанболат мотоциклге отырып, Суықсай ауылындағы дүкенге барып, 7-8 бөтелке сыра сатып алған. Жол бойы сатып алған сыраны ішкен. Үйге келген соң Жұманованың белгісіз біреумен телефон арқылы сөйлесіп жүргені есіне түсіп, қызғаныш сезімі оянып, әйелін өлтіруді ойлаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы