ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
Мемлекет басшысы Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары Ұйымға мүше елдердің қауіпсіздік мәселелерін талқылап, атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Сондай-ақ болашаққа бағдар жасады. Президенттер Ұйымның Бас хатшысы қызметін аяқтап жатқан Иманғали Тасмағамбетовке алғыс білдірді. Жиында 1 қаңтардан бұл қызметке Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты үш жыл мерзімге тағайындау туралы шешім қабылдады. Отырыс соңында Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы қабылданды. Бұдан бөлек Ұйымға мүше мемлекеттердің мүддесіне сай қауіпсіздік жүйесін дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылды.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06