Басты Жаңалықтар «Таза Қазақстан»: Биыл 900 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

«Таза Қазақстан»: Биыл 900 тоннаға жуық қоқыс шығарылды

Елімізде «Таза бейсенбі» акциясы жалғасып жатыр. Бүгін Қостанайда «АMANAT» партиясының мүшелері көше бойын күл-қоқыстан арылтып, ауланы ретке келтірді. Жалпы мұндай тазалық акциясы өңірде апта сайын ұйымдастырылады. Биыл партия мүшелері барлығы 900 тоннаға жуық қоқыс шығарған.

Оразғали Нұрғали, «АMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы баспасөз бөлімінің кеңесшісі:

Жалпы жыл басынан бері 12 мыңнан астам партия өкілдері осы «Таза Қазақстан» акциясына үнемі қолдау көрсетеміз. Апта сайын шығып тұрамыз. Жыл басынан бері 900 тоннадан астам мұз бен қар, қоқыс шығарылды. Осы акция аясында 4 мыңнан астам ағаш пен көшеттер отырғызылды.
 

 

Бөлісу