Басты Жаңалықтар Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 110 мың адам қатысқан

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясына 110 мың адам қатысқан

Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» акциясының ауқымын арттыруда жастардың белсенділігі жоғары. Сондықтан «Байтақ» жасылдар партиясының өңірдегі өкілдері колледж студенттерімен кездесулерді жиі өткізіп жүр.

Соның бірі бүгін «Қазіргі заман» гуманитарлық-техникалық колледжінде жалғасты. Партия белсенділері елдегі экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа шақыруда жастардың үлесін жоғары бағалады. Өйткені аймақта акция басталғалы 110 мыңнан аса адам қатысса, оның тең жартысы жастар. Олар 60-қа жуық тарихи-мәдени ескерткіштерді, 100 мың шаршы метрден асатын  тұрғын үй аулаларын тазартқан. Сондай-ақ бүгін жастар жиын өткізумен шектелмеді. Олар Аса өзенінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.  

Ихтияр Мырзахметов, «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:

Жамбыл облысының өңірлік жастары да, тұрғындары да «Таза Қазақстанның» консепциясы төңірегінде өте жақсы белсенділігін көрсетіп жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. 15 шағын ауданда 15 мың түптен тал егілді биыл. Жаңадан саябақтар ашылып жатыр. Бұл бағытта біз жұмыстарды жүргізіп жатырмыз.


Бөлісу