Әскери қызметтің абыройын арттыру жағы талқыланды
Әскери салаға бөлінетін қаржыны ұлғайту керек. Бұл сарбаздардың әлеуметтік мәртебесі көтеріліп қана қоймай, жастардың әскерге қызығушылығын арттырады. Астанада өткен дөңгелек үстелде депутаттар осылай деді. Жиында Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов әскери дайындықты жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, қауіпсіздік стандарттары мен цифрлық шешімдерді енгізу төңірегінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Министрдің айтуынша, әскери қызметтің қауіпсіз жағдайын қалыптастыру және әскерге шақыру тәртібін ашық ету үшін Парламентпен, қоғаммен, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығымен тығыз байланыс қажет. Ал сенатор Бибігүл Жексенбай әскери омбудсмен институтын енгізуді ұсынды. Оның пікірінше, мұндай тетік әскердегі мәселелерді тез анықтауға, әскери қызметшілердің өтініштеріне жылдам жауап беруге көмектеседі.
Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты:
Сарбаздардың аналарының өтініші бойынша арнайы бізде бірнеше ұйым бар. Сол арнайы ұйымдардың мәртебесін нақтылауымыз керек. Яғни олардың төтенше жағдай болған кезде ақпарат алуға, тергеу жұмыстарының комиссия құраманы қатысуға толыққанды құқық алу. Ата-аналар мен Қорғаныс министрлігі арасында дәнекер, көпір міндетін толыққанды атқаруға мүмкіндігін кеңейту.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы