Басты Жаңалықтар TazaQazBot: 24 мыңнан астам өтініш түскен

TazaQazBot: 24 мыңнан астам өтініш түскен

«TazaQazBot» телеграм чат-ботына 24 мыңнан астам өтініш түскен. Ең жиі көтеретін мәселелер – аумақтарды тазалау, тұрмыстық қалдықтарды шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу. Шағымдардың 22 мыңнан астамы орындалған, қалған 200-ден астамы қолға алынған. Ал 1600 өтініш уақытша тоқтатылған. Барлық өтініштер автоматты түрде тиісті жергілікті атқарушы органдарға жолданады. Орындаушылар жұмысты аяқтағаннан кейін фотоесеп беруге міндетті. Ал пайдаланушы – тапсырманың орындалу барысы туралы хабарлама алып, қызмет сапасын бағалай алады. Жүйе қоғамдық бақылауды күшейту және азаматтарды экологиялық бастамаларға тарту мақсатында 2024 жылы маусым айында құрылды. TazaQazBot-қа қағазбастылықсыз өтініш беру үшін авторизациядан өтіп, фото тіркеп, мекенжайды көрсетіп, мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті. Қолданушыларға ыңғайлы болу үшін және жауаптыларды анықтау мақсатында өтініштер 21 санатқа бөлінген.


Бөлісу