Президент Г.Головкинді І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы бүгін World Boxing халықаралық федерациясының президенті Геннадий Головкинді қабылдады. Әйгілі спортшыны жаңа қызметімен құттықтап, World Boxing ұйымын басқару үлкен жауапкершілік екенін атап өтті. «Сіз – дүниежүзілік деңгейдегі спорттық құрылымды басқарып отырған алғашқы қазақстандықсыз. Есіміңіз тариха алтын әріппен жазылатынына еш күмән жоқ, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу соңында Президент отандық спортты дамытуға қосқан зор үлесі үшін Геннадий Головкинді І-дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Ал GGG көрсетілген қолдау үшін алғыс айтып, бокстың елде және әлемдік аренада дамуына үлес қоса беретінін жеткізді.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06