Басты Жаңалықтар «Қайрат» 7:3 есебімен жеңді

«Қайрат» 7:3 есебімен жеңді

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы кездесуінде бельгиялық «Андерлехт» командасын 7:3 есебімен ойсырата ұтты. Сырт алаңда өткен ойынның екінші минутында есепті «Қайрат» шабуылшысы Кайо Руис ашты. Алаң иелері үш голмен жауап берді. Алматылық команда өздерін қолға алып, 11-минутта Оливейра да Сильва Бельгия қақпасына екінші голды соқты. Ал 12- минутта Отанха есепті теңестірді. Екінші таймда алматылықтар еркін ойнап, 21-минутта Дәурен Тұрсағұлов төртінші, араға бес минут салып Оливейра да Сильва бесінші голды соқты. 29-минутта Біржан Оразов есепті 6:3-ке жеткізді. Отанья ойынның аяқталуына отыз секунд қалғанда бельгиялықтардың қақпасына жетінші голды салды. Командалардың қарымта ойыны енді 5- желтоқсанда Алматыда өтеді.

Біржан Оразов, алматылық «Қайрат» ФК капитаны:

Барша қазақстандықтарды жеңіспен құттықтаймын. Біз үшін қиын ойын болды. Осы ойынға қатты настрой жасадық, содан кейін жеңдік деп ойлаймыз. Счет 7:3. Енді бізге үйде ойнағанда оңай болады деп ойламын.


Бөлісу