«Таза Қазақстан»: Белсенділер марапатталды
Атырауда республикалық «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқандар марапатталды. Аймақта жыл бойы жүзеге асырылған тазалық шарасы қорытындыланды. Экологиялық мәдениетті дамытуға, қоршаған ортаны қорғауға үлес қосқан үздік мемлекеттік мекемелердің, ұйымдардың және белсенді азаматтардың есімдері аталып, алғыс хат табысталды. Өңірде жыл басынан бері 165 гектар аумаққа 450 мыңға тарта ағаш отырғызылып, 6 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.
Ақжол Қонысбаев, Махамбет ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы:
Бұл тек қана акция мақсатында істеу ғана емес, өзіміз үшін керек. Тазалықты өзімізден бастауымыз қажет. Шыны керек, қоқысты ешкім даладан келіп шашып кетпейді. Өзіміздің інілерімізге, сондай-ақ ата-аналар балаларына көшеге шыққанда тазалық мәдениетін сақтауға шақыруымыз керек деген ұсынысым бар.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан онлайн қызметтер бойынша әлемдік үздік ондықта
29.10.2026, 20:30
Баспаналы болғысы келетін алматылықтар үшін тағы бір мүмкіндік
29.10.2026, 20:26
Отандық «Ерекше» фильмі үш халықаралық жүлдеге ие болды
29.10.2026, 20:24
Жасанды интеллект ғалымның көмекшісіне айналады
29.10.2026, 20:21
3 қарашада «Ұмай» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады
29.10.2026, 20:20
Абай облысында құрылыс қарқын алды
29.10.2026, 20:19
Өскеменде жол айрығының құрылысы аяқталуға жақын
29.10.2026, 20:18
Қазақстан әлемдегі ірі экономикалар рейтингінде 47-орынға көтеріледі
29.10.2026, 20:15