Басты Жаңалықтар 2026 жылы МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін төленеді

2026 жылы МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін төленеді

Жаңа жылдан бастап МӘМС жарнасы жұмыссыздар үшін де, төленеді. Яғни, жұмыс істемесеңіз де, ауруханаға тегін қарала аласыз. Қазір  қазақстандықтардың шамамен 60%-ы МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына кіреді.  Яғни олар үшін жарнаны мемлекет төлейді. Ал, 3,5 миллионға жуық адам бұл шамамен халықтың 18 пайызға жуығы МӘМС жүйесінде жоқ. Олардың 1 миллиондайының  әлеуметтік жағдайы дағдарыстық  және шұғыл  деңгей деп танылған. Енді олар да тегін медициналық көмекке жүгіне алады. Жалпы 2026 жылы МӘМС жүйесіне шамамен 45 млрд теңгеден аса қаражат  түседі. 

Оның 30 млрд теңгеден астамы - әлеуметтік осал азаматтар, 15 млрд теңгесі жұмыссыздар үшін аударылатын жарналар. КСМ: Еске салайық,  Президент жергілікті атқарушы органдарға тұрғындарды медициналық сақтандырумен қамту жұмысын күшейтуді тапсырды. Нәтижесінде, елімізде жұмыссыз азаматтардың да тегін медициналық көмекке жүгінуіне мүмкіндік беретін заң қабылданды. Игілігін халық 2026 жылдан бастап көре алады.


Бөлісу