Түркияда ақын Олжас Сүлейменовтың кітабы таныстырылды
Анкарадағы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының штаб-пәтерінде ақын, жазушы, түркітанушы Олжас Сүлейменовтың шығармаларына арналған жиын өтті. «Масштаб. Планета.Жер» атты халықаралық жиынды ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы мен ТҮРКСОЙ ұйымы бірлесе ұйымдастырған. Шараға қатысқан ғалымдар мен түркі елдерінен келген делегациялар ақынның шығармаларын талқылап, ғалыми еңбектерін талдады. Сондай-ақ жиында Олжас Сүлейменовтың жақында шыққан «Я знаю» кітабының тұсауы кесілді. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығына арналған мұндай халықаралық жиын Түркияда алғаш рет ұйымдастырылды.
Салтанат Әшімова, ЮНЕСКО жанындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы директорының орынбасары:
1975 жылы шыққан «АзиЯ» еңбегі. Оны бүкіл әлем біледі. Сол кітаптың шыққанына 50 жылдығына орай кітапты қайтадан басып шығарғанбыз бүгін таныстырылымы өтеді. Және «Я знаю», «Мен білемін» деген жаңа кітабының таныстырылымы да бүгін осы ТҮРКСОЙ шаңырағында өткелі отыр. Түрік тіліне «АзиЯ» еңбегі аударылған және де бір кітабы зерттеу жинағы түрікшеге аударылған, кейінгі шыққан кітаптарын ТҮРКСОЙмен бірігіп басқа да халықаралық ұйымдармен бірігіп шығару ойымызда бар.
Автор
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар кітап оқуға қаншалықты көңіл бөледі?
06.11.2026, 20:28
Көшбасшы әйелдердің республикалық семинары өтті
06.11.2026, 20:27
Еңбек – адамды биікке жетелейтін құндылық
06.11.2026, 20:26
Жоғары білімнің болашағы талқыланды
06.11.2026, 20:25
Еріктілер 100-ден аса заңбұзушылықты анықтады
06.11.2026, 20:25
Халық Кеңесі жанынан жастар қозғалысын құру ұсынылды
06.11.2026, 20:24
ШҚО-да Жолдауда жүктелген міндеттер талқыланды
06.11.2026, 20:22
Құрылтай депутаттары жастармен кездесті
06.11.2026, 20:18