Вашингтонның «Бейбіт жоспары»: Зеленский Украина халқына үндеу жариялады
Марко Рубио Украина жерінде болып жатқан соғысты тоқтатады деген «Бейбітшілік жоспарынан» Ақ үйді белгілі бір деңгейде қашқақтатып отыр деген ақпарат тараған соң, жоспарды АҚШ жасағанын ол ашық жазды.
Мемлекеттік хатшы М. Рубио Женева сапары алдында сенаторлармен сөйлескен. Сонда байқалған әрекет көрінеді. Ал Женевада бүгін осы бейбіт жоспар талқыланып жатыр. АҚШ, Еуроодақ және Украина өкілдері қатысады деген.
Шын мәнінде осы аптада сөз етіп тұрған «Бейбіт жоспар» әуелі ақпарат құралдарына тарап кетті. Кейін АҚШ президенті «Украина осыған келісуі керек, әйтпесе қару-жарақ сатпаймыз, барлау мәліметтерін бермейміз» деп қорқытып отыр.
Владимир Зеленский Украина халқына үндеу жариялады: «Не қадір-қасиеттен, не стратегиялық серіктестен айырыламыз» дегенге дейін айтты... Кремль «иә, жоспарды біз де алдық» деп отыр. Бірақ бұл екі жақтың арнайы өкілдері Кирилл Дмитриев пен Стив Уиткоффтың «бірлескен туындысы» ма, жоқ па — әрине, айтпайды.
Не ойы барын тіпті тарқатпай отыр. Еуроодақ Украинаны қолдайтынын тағы мәлімдеді. Бірақ құжат оларсыз дайындалған. Ал 28 пункттен тұратын жоспарды талқылап жатқан аналитиктердің көбі Украинаны жығып беру туралы айтады.
Алайда әрбір пунктті таразылап, бүкіл ситуацияны ескерсек, соншалықты тізе бүгу емес дейтіндер де бар. Бірақ ең басты сұрақ қойылмай отыр. Соғыс ашушылар соғысты тоқтатуға шын бейіл ме?
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13