Басты Жаңалықтар Жетісу облысында 9 мың гектар жер орман қорына берілді

Жетісу облысында 9 мың гектар жер орман қорына берілді

Жетісу облысының табиғат қорғау прокуратурасы мемлекеттік орман қорына енгізілмеген 9 мың гектардан астам жерді анықтады. Прокурорлық қадағалау нәтижесінде арнайы комиссия құрылып, 9 412 гектар жер Алакөл және Үйгентас орман шаруашылықтарының құрамына ресми түрде берілді.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында еліміздегі орман қорын ұлғайтуды тапсырған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар Жетісу облысында тұрақты жүргізіліп, өңірдегі орман алқаптарының көлемі 0,5%-ға ұлғайды.

Дәулет Әлсейітұлы, Жетісу облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының прокуроры:

Орман кодексінің 51-1-бабына сәйкес басқа санаттардағы жерде табиғи өсiп шығатын екпелер мемлекеттік орман қорының құрамына енгізілуге жатады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша әкімдік барлық мүдделі органдардың қатысуымен комиссия құрып, анықталған учаскелерді облыстық орман қорының құрамына енгізу бойынша Жол картасын әзірледі.


Бөлісу