ЕуроОдақпен сирек металдарды өндіріп, өңдеуде ынтымақ күшейеді
ЕуроОдақ елдері Қазақстанмен аса маңызды шикізат материалдарын өндіріп, өңдеуде ынтымақты арттыруға күш салмақ. Брюссельде өткен «Шикізат материалдары апталығы» аясында қос тарап өкілдері сирек металдарды өндіруге бағытталған біріккен жобаларды жүзеге асыру жайын талқылады. Жасыл энергияны дамыту үшін Еуропа елдері сирек кездесетін 34 металға зәру. Оның 21-ін біздің ел өндіріп, өңдеп отыр. Еліміздің өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рақымжан Исақұлов бастаған қазақстандық делегация өкілдері елімізде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан еуропалық компания өкілдерімен кездесіп, 2026-2027 жылдарға арналған Жол картасының жаңа тармақтарын талқылады.
Люк Девинь, Еуропалық сыртқы істер қызметінің Ресей, Шығыс серіктестік елдері, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы директорының орынбасары:
Еуропалық Одақ «Сарытоған» кенішін қаржыландыруды бастады. Министрдің орынбасары Исақұлов ЕуроОдақтың қаржы институттарын тәуекелге барып, осындай жобаларға ертерек әрекет етуге шақырып отыр. Қазақстан біздің сенімді серіктесіміз. Елге бұрыннан инвестиция құйып келеміз. Сирек кездесетін шикізат материалдары, жалпы кеніштің өнімділік беруі ұзақ уақытты талап етеді. Дегенмен бұл біздің болашағымыз болғандықтан Қазақстанмен серіктестікті нығайтуымыз керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы