Астанада армян ағартушысы Месроп Маштоцтың атына көше берілді
Астанада армян халқының ойшылы әрі ағартушысы Месроп Маштоцтың атына көше берілді. Ол елорданың сол жағалауындағы Қабанбай мен Тұран көшелерінің ортасында орналасқан. Месроп Маштоц – Армения бүгінге дейін қолданатын 36 әріптен тұратын әліппені жасап, сол ұлттың тілін, мәдениетін дамытуға елеулі үлес қосқан тұлға. Биыл көктемде Ереванда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының атындағы саябақ ашылған еді. Салтанатты рәсімде сөз алған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Бұл қос елдің бір-біріне көрсеткен құрметі мен достық пейілінің белгісі» деді.
Жанна Андреасян, Армения республикасының білім, ғылым, мәдениет және спорт
министрі:
Армения мен Қазақстан – терең тарихы мен ұлы ойшылдарының мұрасын ұрпақтан-ұрпаққа жалғап, болашаққа бірге ұмтылған екі халық. Мен үшін еліміздің атынан Месроп Маштоц көшесінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысу үлкен мәртебе. Енді бұл көше арадағы шегара мен қашықтыққа қарамастан, мәдениет пен білім халықтарды біріктіретін мызғымас көпір екенін еске салып тұратын символға айналмақ.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлемге әйгілі Cirque Du Soleil бірегей шоу ұсынды
12.06.2026, 20:29
Ақтөбе облысында екі ауылға табиғи газ берілді
12.06.2026, 20:22
Ғылым мен білімге бет бұрған ұрпақ
12.06.2026, 20:18
Үкіметте инновацияларды дамыту жөніндегі кеңестің алғашқы отырысы өтті
12.06.2026, 20:14
Биыл 35 мыңға жуық отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды
12.06.2026, 20:13
Алматыда 12 жастағы бала пышақ жарақатынан қаза болды
12.06.2026, 20:12
Қазақстандағы конституциялық реформалар Еуропарламентте талқыланды
12.06.2026, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
12.06.2026, 20:10