Шымкентте 100-ге жуық адам сенбілікке шықты
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Сенбілік Шымсити шағын ауданындағы Абылай хан көшесінің бойында өтті. Шараға «Жастар рухы» жастар қанаты, мемлекеттік қызметшілер, еріктілер, қала тұрғындары қатысты. 100-ге жуық адам арық-атызды тазартып, жол жиегін сыпырып ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 47-шi рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 45 тоннадан астам қоқыс шығарылған. Жалпы акцияға 3 мыңнан астам адам атсалысқан.
Ербол Байқонысов,
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Қала тұрғындарына және қонақтарына айтарымыз біздің осы Шымкент қаласын таза ұстауға тазалыққа шақырамыз экологиялық таза болатын болсақ тазалық денсаулық кепілі деп жатады. Сондықтан да біз әрқашан таза жүруіміз керек.
Автор
Ернұр Уәлихан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19