Басты Жаңалықтар Астанада тұмаудың өршуіне байланысты қаулы қабылданды

Астанада тұмаудың өршуіне байланысты қаулы қабылданды

Астанада тұмаудың өршуіне байланысты қаулы қабылданды. Енді медициналық мекемелер 20:00-ге дейін, демалыс пен мереке күндері 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ емдеу орындары толықтай маскалық режимге көшкен. Жедел жәрдем қызметі бірінші кезекте жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға қызмет көрсетеді. Тұмау белгілері байқалса, науқастар онлайн-консультация ала алады. Елордада тұмау жұқтырғандардың саны бір аптада 23 мыңнан асқан.

Жанна Пралиева, қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:

1-сыныпта 30 пайыз және одан да көп балаларда аурушаңдық байқалған жағдайда олар онлайн режимге ауысады. Егер де 1-сыныпта 20-дан 30-ға дейін балалар ауыратын жағдай ол кезде кабинеттік жүйе дейміз, балалар бір кабинетте отырып сабақ оқиды.

Дәрігерлер соңғы аптада науқастардың саны әдеттегіден 2 есе көбейгенін айтады. Ауырып жатқандардың 70 пайызы - балалар. Эпидахуал желтоқсан айының ортасына дейін жалғасуы мүмкін деп болжанып отыр.

Анар Жайлаухан, дәрігер-терапевт:

Балалар бөлімшесінде кеше 130-150 бала қабылдады. Ал ересектерде 60 шақты адам келді. Жүкті әйелдерде бір күнде 30-35 арасында болды. Әдеттегіден көп, екі жарым есе көп деп айтуға болады.


Бөлісу