«EcoSummer 2025» байқауы қорытындыланды
Қалдықтарды жинау және сұрыптаудағы үздік бастамаларды қолдауға бағытталған «EcoSummer 2025» байқауы мәресіне жетті. Жеңімпаздар 4 номинация бойынша марапатталып, қомақты қаржылай сыйлыққа ие болды. Конкурсқа қатысушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбында бейнероликтер әзірлеп, 100 тоннаға жуық қалдықты қайта өңдеуге жіберген. Осылайша олар «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының мәнін тұрғындарға түсіндіріп, көпшілікті экологиялық шарадан шет қалмауға шақырып жүр.
Батырбек Әубәкіров, Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы:
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аясында ұйымдастырылған байқауға қолдау көрсеткен министрлікке, «Жасыл даму» мен қаржы ұйымына алғысымды білдіремін. Бұл конкурсты алғаш рет өткіздік. Негізгі мақсатымыз – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қалдықты қайта өңдеудің маңызын түсіндіру.
Дулат Набиев, байқау жеңімпазы:
Осы уақытқа дейін Алматы қаласында қоқыстарды тазартумен айналысамыз. Өзіміздің жобамыз бар. 60 күн челлендж болды. 8 қалада болдық. Әр қалада мыңнан аса адам жинап, тазалық акциясын жүргізіп жүрдік.
Автор
Қозы Көрпеш Жасарал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Суару маусымы аяқталуға жақын: Шаруаларға қанша көлемде су берілді?
12.09.2026, 17:51
Қазақстан делегациясы Халықаралық ғарыш саммитіне қатысып жатыр
12.09.2026, 10:08
Өтінімдердің 30%-ын eGov GPT өңдейді
11.09.2026, 20:31
Азиада: Қазақстан туын Е.Сметов пен С.Миркадирова ұстап шығады
11.09.2026, 20:30
Елена Рыбакина US OPEN финалына жолдама алды
11.09.2026, 20:24
«Таза Қазақстан» акциясы аясында эко-квест өтті
11.09.2026, 20:22
ШҚО-да спорт кешені мен жатақхана пайдалануға берілді
11.09.2026, 20:20
Ағза ауыстыру бойынша 100 операция жасалды
11.09.2026, 20:19