Басты Жаңалықтар Жетісу облысына ₸330 млрд инвестиция тартылған

Жетісу облысына ₸330 млрд инвестиция тартылған

Жыл басынан бері Жетісу облысына 330 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған. Соның ішінде жалпы құны 50,6 млрд теңгеге 25 жоба іске асты. Бүгін Талдықорғанда облыстың инвестициялық әлеуетін  арттыруға бағытталған форум өтті. Шарада бизнес өкілдері мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы әріптестікті жаңа деңгейге көтеру керектігі айтылды. Сондай-ақ өнімдер көрмесі ұйымдастырылып, өңірдің аудан, ауылдарынан жиналған кәсіпкерлер өздерінің жаңа жобасын таныстырды.

Серік Жамбылұлы, кәсіпкер:

Бұл нағыз инвестициялық жобаларға тиімді форум деп есептеймін. Бізде алдыға қойған жоспарлар бар. Бұл форум соны жеткізуге арналған орын. Біз күннен қуат алатын батареяларды шығаратын кәсіпорынбыз. Қазір өздеріңіз білесіздер, елімізде күн энергетикасы дамып келе жатыр. Әрі тиімді жоба болса, экономика көтеріледі, халықты жұмыспен қамтимыз.


Бөлісу