Сарапшы: Геосаяси қиын жағдайда экономиканы нығайту маңызды
Қазіргідей геосаяси ушыққан тұста экономиканы нығайту аса маңызды. Қазақстандағы Халықаралық валюта қорының миссия басшысы пікірі осыған саяды. Бұл әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын ұйым. Бүгін Астанада қордың IV бап бойынша Қазақстанмен өткізген 2025 жылғы консультациялар туралы баспасөз конференциясы өткен еді. Бірқатар сарапшы экономикалық даму мәселелерін талқылады.
Али Аль-Эйд, Қазақстандағы Халықаралық валюта қорының миссия басшысы:
Қазіргі жаһандық орта көптеген белгісіздікке толы. Қазақстан үшін ең дұрыс кеңес – өз экономикасын мейлінше мықты ету. Бұл дұрыс саясатты жүзеге асыру, макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту және инфляцияны төмендету арқылы жүзеге асыруға болады. Осылайша, ел сыртқы қиындықтарға төтеп бере алады. Сонымен қатар, Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер де бар. Орта дәліз арқылы транзит көлемі артты, бұл өңірдегі интеграцияны күшейтуге және шетелдік тікелей инвестицияны тартуға жағдай жасайды. Нәтижесінде, дәлізді дамытуға және оның ұзақ мерзімді табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл жағалауында инфрақұрылым желілері жаңғыртылып жатыр
05.05.2026, 20:59
Егін науқаны қыза түсті
05.05.2026, 20:57
Көпбалалы отбасы алматыдан ауылға қоныс аударды
05.05.2026, 20:55
Алтын орданың ізі: Бір жәдігер – бір дәуір
05.05.2026, 20:53
Стенд ату: Қоржында – алғашқы алтын медаль
05.05.2026, 20:49
Кәсіпорындағы апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді
05.05.2026, 20:20
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қарқын алды
05.05.2026, 20:18
Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді
05.05.2026, 20:11