10 айда елдегі қылмыс саны 5,3 мыңға азайды
Биыл 10 айда еліміздегі қылмыс саны былтырғымен салыстырғанда 5,3 мыңға азайды. Президент қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осындай статистика келтірді. Жыл басынан бері іздеуде жүрген 1391 адам ұсталған. Олардың 138-і шетелде қолға түсті. Жедел іс-шаралар барысында 30 тоннадан астам есірткінің, соның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық заттардың айналымға түсуіне жол берілмеді. Интернет-алаяқтықпен күрес бағытында 12 колл-орталық жойылды. Алаяқтардың 2,3 миллиард теңге қаражатты елден шығаруына тосқауыл қойылды. Президент елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06