Өрттен зардап шеккен үш адам қазір ауруханада жатыр
Оқиға орнына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те жетті. Жетісай ауданында орын алған өрттен зардап шеккен үш адам қазір Жетісай аудандық ауруханасында жатыр. Олардың екеуі ересек адам және біреуі бала. Өңірдегі тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы телефон арқылы соңғы ақпараттармен бөлісуге дайын.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Қазір өрттен зардап шеккен үш науқас аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер үшеуінің де жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деп мәлімет таратты. Алдын ала белгілі болғаны, науқастардың ең үлкені 61 жастағы әйел кісі. Ал екінші науқас 39 жастағы ер адам. Зардап шеккен қыз 7 жаста. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде. Олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауына алынған. Ауруханада жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді. Ал оқиға орнына облыс әкімі Нұралхан Көшеров жетті. Сондай-ақ төтенше жағдай мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері тексеру шараларын жүргізуде.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05