Қайырымдылық керуені: Меценаттар 35 мыңнан астам адамға көмек көрсетті
Астанада Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған
«Қайырымдылық керуені» форумы өтті. Шараның мақсаты –қоғамда мейірімділік,
гуманизм және өзара қолдау мәдениетін дамыту. Ассамблеяның қайырымдылық қызметі
биыл алғашқы жарты жылдықта 304 млн теңдеген асатын 476 қайырымдылық және
әлеуметтік бастаманы іске асырған. Жоба арқылы 35 мыңнан астам адам көмек
алған. Сондай-ақ, форумда барлық өңірден келген меценаттарға «Жомарт жан»
төсбелгісі табысталды.
Акбаржан Исмаилов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі:
Бізде Қазақстан халқы ассамблеясының жанында «жомарт жан» орталығы бар. Оның ішінде мектепке жол акциясы бар, қарттар үйі бар. Тағы да басқа осындай аз қамтылған отбасыларға көмек. 188 млн теңге жалпы бұл мектепке жол акциясы бойынша. Бізде бірнеше жыл бойы осылай келе жатыр. Яғни меценаттардың көмегімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының аясындағы этно мәдени орталықтардың көмегімен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06