Басты Жаңалықтар Қатерлі ісіктен көз жұмғандар саны 8 пайызға көбейген

Қатерлі ісіктен көз жұмғандар саны 8 пайызға көбейген

Ақмола облысында қатерлі ісікке шалдыққан 11 мыңнан аса науқас есепте тұр. Әсіресе, сүт безі мен колоректалды рак ауруына шалдыққандар көп. Одан кейін өкпе мен асқазан ісігі тұр. Статистика бойынша онкологиялық аурудардан көз жұмғандар саны биыл 8 пайызға көбейген. Қауіпті дерттің дендеуіне не себеп? Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалы.
65 жастағы зейнеткер Еркебұлан Қасеновтан ішектегі қатерлі ісік 3-ші сатысында бірақ анықталған. Соның өзін өт қабына жасалған отадан кейін ғана білген. Сөйтіп, ішек жарасына операция жасалады.
Еркебұлан Қасенов, науқас:
Операциядан кейін мен химия алып жүрмін. Бірнеше химия. Маған ең біріншіден төрт-төрттен 8 химия бәрін назначить еткен. Одан кейін бәрін өткеннен кейін консилиум бірінші КТ өттім. Маған айтты, тағы бір төртеуін өту керек. Екінші кеше келдім. Он екінші курс болып жатыр. Химия өтіп жатырм. Жеңілдеп, келе жатырмын көмек беріп жатыр. Бәрі жақсы болады деп ойлаймын.
Химиотерапия бөлімшесінде күндізгі стационарды қосқанда бүгінде 100-ден астам науқас ем-дом алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, аурудың өршуіне скринингтік бақылаудың аздығы және тұрғындардың уақытында тексерілмеуі себеп.
Меңдігүл Латиф, облыстық Көпсалалы аурухананың химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі:
Қаралып отыру керек, колоноскопия, маммография кел деген уақытта, ренгенография ешбір анализден бас тартуға болмайды. Бізге өте кеш келеді. Науқастың өзі алаңдауға тиісті. Өзі алаңдап, жүгірмесе, біз қандай жері сыр бергенін білмейміз ғой. Міндетті түрде тексерілу керек.
Облыстық онкологиялық орталық бүгінде қажетті деген барлық заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Емханадан тексеруге жіберілген науқастар медициналық сақтандыру бойынша тегін қаралады.
Райымгүл Басымова, облыстық Көпсалалы аурухананың сәуле диагностикасы бөлімшесінің меңгерушісі:
Күн сайын шамамен 40-50 адам КТ, МРТ, рентген, маммография сияқты аппараттар арқылы тексеруден өткізіледі. Біз онкологиялық зерттеудің барлық түрін өткіземіз. Скринингтік тексерулерді де біз жүргіземіз. Сондықтан аппараттардың жүктемесі үлкен. Мәселен, ісік дерті анықталған науқасты біз кем дегенде 3 тексеруден өткіземіз. Сол себепті кейде науқастардың кезек күтуіне тура келеді.
Алайда ауылды елді-мекендерде мамандар мен қажетті медициналық аппараттардың жетіспеушілігі, онкологиялық ауруды ерте анықтауға кедергі болып отыр.
Нариман Ермек, Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ақмола облысында қатерлі ісік дертіне шалдыққандар көп, 100 мың тұрғынға 256. Бұл республика бойынша жоғары көрсеткіш. Өңірде жалпы тәжірибедегі дәрігерлер жетіспеушілігі де бар. Бұл ауруды алғашқы кезеңінде анықтауға кедергі болып отыр. Ал онкологиялық көмек көрсету деңгейі бізде жақсы. Бірақ дертті алғашқы сатысында анықтау ақсап тұр.
Өңірдегі мелициналық ұйымдардың дәрігерлермен қамтылуы 68 пайызды құрайды. Онкология бағытында 4 онколог, 2 хирург, 5 химиотерапевт, 3 радиотерапевт жетіспейді.

Бөлісу