«Әскери баспана» және «Наурыз әскери» бағдарламасы келесі аптада басталады
Келесі аптада «Әскери баспана» және «Наурыз әскери» бағдарламалары басталады. Бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі алғашқы жарна міндетті емес. Осылайша жыл сайын 7 мың әскери қызметкерге несие беріледі. Қатысушылардың тізімін жұмыс орны жасақтап, банкке хат жібереді. Несие көлемі Астана мен Алматы қалалары үшін 36 миллион теңге, ал басқа өңірлерде 30 миллион теңге. Егер алғашқы жарнаға үй бағасының 20%-дан 50%-ға дейін қаржысын құйған жағдайда, банк несие сомасын 80 миллион теңгеге дейін ұлғайтады.
Назерке Ғалым, «Отбасы банк» АҚ баспасөз хатшысы:
Өздігіңізден 17-қарашадан бастап банкке келудің қажеті жоқ. Біз барлық ведомстволарға хат жолдадық. Ведомство тарапынан кімнің пәтері жоқ, сол бойынша тізім жасалады. Егер менеджер сізді тізімнен тапса, онда кредиттік өтінім бере аласыз.
«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталды
Айта кетсек, кеше «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына өтінім қабылдау аяқталды. Жалпы сомасы 50 млрд теңгеге 1800 адамға несие берілді. Баспаналы болғандардың көбі өнеркәсіп және құрылыс саласында жұмыс істейтін мамандар. Сондай-ақ көлік, энергетика, су ресурстары және ауыл шаруашылығы бағытында еңбек етіп жүргендер де бар. Бағдарлама келесі жылы да жалғасуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы