Ш.Уәлиханов – қазақтың тұңғыш құқықтанушы-реформаторы
Ақмола облысында Судьялар Одағы Көкшетаудың екі университетімен бірлесіп, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.
Осы жолы жиында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың сот реформалары туралы жазбалары жан-жақты талқыланды. Ғалым- патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанға қатысты дайындалған саяси-заңнамалық реформасына қарсы шыққандардың бірі. Себебі, сот реформасы халық мүддесіне қайшы келген. Сондықтан, комиссия мүшесі ретінде хат жазып, патша үкіметіне бұрынғы дала заңдарымен санасуды, негізгі бағыттарды сақтауды ұсынды. Бүгінде бұл жазбаларды еліміздің ғалымдары терең зерттеп жатыр.
Досжан Әмір, ҚР Судьялар Одағаның төрағасы:
Бүгінгі күнде де біз айтып жатырмыз, билер институтынан қол үзбей, билер институтының бізге берері әлі де көп деп. Сол Шоқан бабамыз соны бір жарым ғасыр бұрын айтып кетті. Ондықтан судьялар одағы бүгінгі күні екі университетпен біріге отырып, осы іс шараны өткізіп, Шоқан бабамызды тағы да зерделеп, осы еңбегінен алатын тұстарын тағы да бір таразыға салып көрейік деп отырмыз.
Ғалымтай Төлепбергенов, тарих ғылымдарының магистрі:
Ш.Уәлиханов жалғыз шығыстану, этнограф қана емес, сонымен қатар сол замандағы қазақтың өмір тіршілігіне күшті ықпал ететін заңдар жүйесінің қандай болу керектігі жөнінде өзінің құнды пікірлерін сол кездің өзінде сол кезде реформа жүргізіп жатқан Ресей империясының әкімшілігіне жазғаны. Ол сот рефомасы туралы жазбалары.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада лифт апатынан бір адам мерт болды
13.11.2025, 20:15
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтті
13.11.2025, 20:13
Қызылордада бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды
13.11.2025, 20:12
Қазақстан интернеттің қауіпсіз және заманауи инфрақұрылымын нығайтуға мүдделі
13.11.2025, 20:11
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2025, 20:11
Өзбекстанда рухани мұралар форумы өтіп жатыр
13.11.2025, 20:10
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» автожолының 28 шақырымы ашылды
13.11.2025, 20:08
Алматыда баспана бағасы қымбаттап барады
13.11.2025, 20:08