Жамбыл облысында жол жиектерін тазартты
Жамбылда жыл басынан бері «Таза бейсенбі» акциясына аймақтық «Amanat» партиясының 3 мыңға жуық мүшесі қатысты. Олар 100 тоннаға жуық қоқыс жинап, 2 мыңнан астам ағаш отырғызды.
Экологиялық шара облыстың 10 ауданында тұрақты түрде өтіп келеді. Бүгін де тазалық жұмысы Тараздағы «Ұлы дала» шағын ауданында жалғасты. Партия белсенділері шаһар шетіндегі жер телімдері мен жол жиегін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Өйткені алда аталған аумақта жаңа үйлердің құрылысы жүргізіледі. Алайда кезінде жергілікті тұрғындар арық, атыздар бойына қоқыс қалдықтарын төгіп тастаған. «Аманаттықтар» бір гектар аумақтан 2 тоннаға жуық қоқыс жинады.
Дауыл Бейсенқұлов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы:
Мақсатымыз - осы қаламыздағы, елді мекендердегі, ауыл арасындағы жолдарды тазалықпен қамтамасыз ету. Әрине әлде болса да, біздің тұрғындардың тазалыққа деген құштарлығы өз деңгейінде деп айта алмаймыз. Сондықтан барша тұрғындарды осы экологиялық мәдениетті сақтауға, қоршаған ортаны сақтауға белсене атсалысуға шақырамыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі 28%-ға артты
20.07.2026, 14:57
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06