Жер қойнауын барлау ісі жеңілдейді
Қазақстанда жер қойнауын барлау енді оңайырақ болмақ. Мәжіліс пайдалы қазбаларды барлауға өтініш беру процесін жеңілдететін заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Бұған дейін компаниялар кен бар деп болжанған жерді зерттеу үшін екі кезеңнен өтеді. Алдымен мемлекет барлауға болатын аумақтарды таңдап алады, кейін сол жерге өтініш берген компаниялардың мүмкіндігі мен қаржылық жағдайы тексеріледі. Тек содан кейін ғана рұқсат берілетін. Жаңа заң жобасы бұл екі кезеңді жойып, өтінімді бірыңғай онлайн-платформа арқылы тікелей беруге мүмкіндік береді. Яғни компаниялар арнайы картадан зерделеуге ашық аумақты таңдап, өтінімді бірден жолдай алады.
Онлайн жүйеде ұлттық парктер, елді мекендер
мен қорықтар сияқты тыйым салынған жерлер де нақты көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы