Шекарада 1500 жүк көлігі кезекте тұр
«Нұр жолы» өткізу пункті алдында шамамен 1500 жүк көлігі кезекте тұр. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 22 қазанда Үрімжі қаласында Қазақстан мен Қытайдың кеден органдары басшылары кездесу өткізген. Басқосуда Қытай тарапы тәулігіне кемінде 800 көлік қабылдауға келісім берген. Алайда бұл күндері нақты шекара асқан жүк машиналарының саны күніне орта есеппен 700–750. Соның салдарынан ұзын-сонар кезек пайда болған. Мәселені шешу үшін 13 қарашадан бастап Электрондық кезек жүйесіндегі жүк көліктерін жіберу лимиті күніне 650 көлемінде оңтайландырылады, дейді мамандар.
Азамат Алдабергенов, Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы:
Жиналған автокөліктерге қатысты электрондық кезектерінің, 72 сағатқа дейін мерзімі ұзартылған болатын. Және кеден басшыларына, «Нұр жолы» басшылары мен тасымалдаушыларға, көлік жүргізушілеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бұл жағдай «Мемлекеттік кірістер комитетімен» тұрақты түрде бақылауға алынды.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00