Баланың желіге тіркелуін жасына қарай шектеу ұсынылды
Бүгін Мәжілісте балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін жасына қарай шектеу ұсынылды. Депутат Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, 5-6 жастағы балалардың өзі TikTok пен Instagram-ға ата-ананың растауынсыз-ақ тіркеле алады.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бізде осы Цифрлық даму министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің осы мәселе бойынша позициясы қандай? Осы заң жобасының шеңберінде біз осы норманы қарастыра аламыз ба? Мектептерде смартфон қолдануға мемлекеттік ұстаным бар ма? Англия, Нидерланд сияқты әлемнің 40 пайыздан астам мемлекеттерінде тыйым салу туралы шешім қабылдады. Біздегі кейбір алдыңғы қатардағы мектептер де осы тәжірибені енгізіп, нәтижесінде балалардың үлгерімі артты.
Ал Жасанды интеллект министрінің орынбасары Дмитрий Мун әлем- балалардың әлеуметтік желіде тіркелуін жаппай тыйым салу арқылы емес, олар тұтынатын мазмұнды екшеп ұсыну арқылы реттеп жатқанын айтты. Ал, мектепте смартфон қолдануға тыйым салуға қарсы екенін жеткізді.
Дмитрий Мун, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:
Балалардың ата-ананың бақылауынсыз әлеуметтік желіде тіркелуіне қатысты айтсақ, қазір әлем керісінше әлеуметтік желіге қол жеткізудің түрлі жолдарын ұсыну жағын қарастырып жатыр. Бірақ белгілі бір жас шектеулері, контентті екшеп ұсыну тәжірибесі бар. Балалардың заман ағымынан, технологиядан кенже қалмай дамуына да басымдық берілуі керек. Сондықтан бізде де осындай форматта жұмыс жүргізіледі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00