ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынды
Елімізде ЛГБТ насихатына заңмен тыйым салынды. Бүгін Мәжіліс депутаттары педофилия мен біржыныстылыққа шектеу қоятын заң нормасын мақұлдады. Құжатқа сәйкес, онлайн платформалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында мұндай мазмұндағы ақпарат таратуға болмайды. Сонымен қатар фильмдер мен кітаптарда біржыныстылықты үгіттеу де заңсыз деп танылмақ.
Еділ Жаңбыршин, Мәжіліс депутаты:
Шетелден келіп жатқан кино прокаттарда, сериалдарда, кітаптарда, ойыншықтарда бәрінде соның элементтері бар. Сондай-ақ әдейі істеліп жатқан тауарлар мен өнімдер бар. Бала оны кішкентай кезінен көріп өсіп, ол өзінің гендерлік кім екенінен айырылып қалады.
Никита Шаталов, Мәжіліс депутаты:
Түзетулер біздің балалар мен жасөспірімдерді отбасы мен неке туралы түсініктерін бұрмалауы мүмкін контенттен қорғауға бағытталған. Бұл – басқа көзқарастағы адамдардың өмір сүруіне тыйым салу емес, тек қоғамымызға жат өмір салтының насихатын шектеу. Мыңдаған адам ЛГБТ насихатына қарсы петицияға қол қойғаны белгілі. Сондықтан мұнда жалпы қоғамның пікірі ескеріліп отыр.
Құжатқа сай тоғыз заңға түзету енгізілмек. Олар балалар құқығы, жарнама, байланыс, мәдениет, білім, кинематография және бұқаралық ақпарат құралдары туралы құжаттар.
Елнұр Бейсенбай, Мәжіліс депутаты:
Біздің қасиетті киіз үйіміздің де ішінде тайраңдап ойран көрсеткенін өздеріңіз білесіздер. Кейбір мектептерде бұлар арнайы пропаганда жасағанын да білесіздер, жаңағы топтың. Сол себепті солардың заңсыздықтарын ескере отырып, ортақ қабылданған норма.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Топтық кезеңнің екінші айналымы аяқталды
24.06.2026, 20:20
БҚО-да күрежолдың құрылысы жыл соңына дейін аяқталады
24.06.2026, 20:15
Дәрігерлер әткеншектен құлаған баланың бүйрегін сақтап қалды
24.06.2026, 20:14
Әлем жаңалықтарына шолу
24.06.2026, 20:13
Шымкентте инвестициялық жобаларды қолдау күшейтіледі
24.06.2026, 20:12
Өңірде коммуналдық проблема түбегейлі шешіледі
24.06.2026, 20:10
Газ құю бекеттеріндегі оқыс оқиғалар тыйылмай тұр
24.06.2026, 20:06
Өңірдегі стратегиялық нысандар - Үкімет назарында
24.06.2026, 20:05