Цифрлық қолтаңба: Биометриялық әдістер енгізіледі
Елімізде интернет пен электронды қызметтерде «цифрлық растау» тәсілі жеңілдетіледі. Бұл туралы жаңа заң жобасын таныстырған депутат Екатерина Смышляева хабарлады. Бүгінде шамамен 1300-ден астам мемлекеттік қызметтер онлайн форматта көрсетіледі. Осыған дейін электронды цифрлық қолтаңба тек ресми құжаттарға қол қоюдың заңды құралы болған. Енді азаматтар интернетте өздерін растау үшін саусақ ізі, бет бейнесі, дауыс сияқты биометриялық әдістерді қолдана алады. Цифрлық кодекс бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды. Депутаттар жеке деректердің таралмауын басты назар аударылатынын айтты.
Үнзила Шапақ, Мәжіліс депутаты:
Мемлекеттік цифрлық платформадағы цифрлық үкімет онлайн қызмет пайдаланушылар үшін түсінікті және қолжетімді болуымен қатар азаматтардың құқықтары мен мүдделері құқықтық қорғалған болуға тиіс. Осыған орай азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғайтын тетіктерді жеткіліктілігі тұрғысынан ұлттық заңнамаға талдау жүргізу нәтижесінде заңдардағы нормалар жүйеленген.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00