Ақмолалық 100 полиция қызметкері қан тапсырды
Ақмолалық 100 полиция қызметкері жол-көлік қозғалысының құрбандарын еске алу күніне орай қан тапсырды. Акция жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы аясында өтіп жатыр. Тәртіп сақшылары қан тапсыру сияқты қайырымдылық акциясын өткізуді дәстүрге айналдырған. Олардың қатарында тұрақты донорлар да аз емес. Жол-көлік апатынан зардап шеккендер үшін қан қоры осындай акциялар аясында толығып отырады. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 907 жол-көлік апаты болған. 93 адам мерт болып, бір жарым мыңға жуық адам түрлі дене жарақатын алған.
Әділбек Сұрағанов, облыстық Полиция департаментінің аға
инспекторы:
Біз үшін адамдарға көмектесу ең маңызды істердің бірі. Кейде жол апатынан зардап шеккендерге шұғыл түрде қан қажет болады. Алайда кей сәттерде қажетті қан тобы қорда бола бермейді. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін қан тапсыру акциясына қатысу керек деп есептеймін. Бұл біздің азаматтық борышымыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу асылы: «Иең қайда, ақбоз ат!?»
12.11.2025, 13:18
Ақмола облысындағы пестицид зауытына қолдау қажет
12.11.2025, 13:15
Бразилияда БҰҰ климаттық конференциясы өтіп жатыр
12.11.2025, 13:12
20 градус аяз келе жатыр
12.11.2025, 13:09
Сарапшы: Тоқаевтың сапары стратегиялық маңызға ие
12.11.2025, 13:06
Оралда Қазақстан – Ресей XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде
12.11.2025, 13:03
Цифрлық қолтаңба: биометриялық әдістер енгізіледі
12.11.2025, 13:00
Мәскеуде қазақ мәдениетінің күндері өтті
12.11.2025, 10:14