Мәскеуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары басталды
Мемлекет басшысын салтанатты қарсы алу рәсімі №1 борт Ресей әуе кеңістігіне өткен сәттен басталып кетті. Ерекше құрметтің белгісі ретінде қазақстандық делегация отырған ұшақты истребительдер мен тікұшақтар алып жүріп, Внуково әуежайында әскери оркестр мен құрмет қарауылының қарсы алуымен жалғасты.
Сәлден соң Кремльде мемлекеттер басшыларының бейресми жеке кездесуі өтеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына орай Ресей Федерациясы Президентінің атынан кешкі ас беріледі.
Мемлекет басшысының ертеңгі жұмыс кестесі де өте тығыз. Кремльдегі ресми қарсы алу рәсімінен кейін Владимир Путинмен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіледі. Президент сондай-ақ Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында сөз сөйлейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06