Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы теннисшісі Елена Рыбакинаны құттықтады

Мемлекет басшысы теннисшісі Елена Рыбакинаны құттықтады

Қазақстандық теннисшісі Елена Рыбакина Эр-Риядта өткен WTA Finals турнирінің жеңімпазы болды. Елена финалда әлемнің бірінші ракеткасы беларусь Арина Соболенконы 6:3, 7:6 есебімен жеңді. Президент құттықтап, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойғанын жазды.

WTA Finals – жыл бойы ең үздік нәтиже көрсеткен сегіз теннисші ғана қатысатын жылдың қорытынды жарысы. Рейтингте 9-орында тұрып, соңғы айда бірнеше турнирге қатысып жеңіске жеткесін 8-орынға шығып, айтып тұрған турнирге соңғы сәтте жолдама алғанының өзі оның күрескер екенін көрсетсе керек. Эр-Риядта  бес матчта да жеңіске жетіп, рейтингіне 1500 ұпай қосты. Тиісінше, рейтингте 5-орынға көтерілді. Ал жеңісі үшін 5,2 млн доллар ақшалай сыйақы алады.

Елена Рыбакинаның 2022 жылы «Үлкен дулығаға» енетін «Уимблдон» жарысында жеңімпаз болғаны әрине, есте. Әрине, тағы да «Үлкен дулыға» алса дейміз. 


Бөлісу