Степногорск қаласының дәрігерлері отаны қарапайым палаталарда жасауға мәжбүр
Ақмола облысындағы Степногорск аудандық ауруханасында хирургтар отаны палаталарда жасап жүр.
Екі жылға созылған күрделі жөндеу салдарынан бүгінде жан сақтау және ота жасау бөлімдері бір блокта сыйысуға мәжбүр. Екі бөлімше де қарапайым палаталарға жайғасқан. Ал қажетті медициналық құрылғылар ішіне сыймайтындықтан, осылай дәлізде тұр. Тек қажет жағдайда ғана ішке кіргізіледі,- дейді дәрігерлер.
Аурухана бүгінде 240 науқасты қабылдауға қауқарлы. Алайда, ұзаққа созылған күрделі жөндеу салдарынан палаталар саны біршама қысқарды. Соның өзінде бүгінде 200-ге жуық науқас емделіп жатыр.
Нэлли Зенина, емделуші:
Жөндеу салдарынан қазір палаталар лық толы. Екі бөлімше бір жерде сыйысу деген қиын болып тұр. Дәрігерлерге де оңай емес.
Жан сақтау және ота жасау бөлімшелердегі күрделі жөндеу бүгінде 85 пайызға аяқталғанымен, істелген жұмыс сын көтермейді. Қазірдің өзінде төбедегі сылақ пен қабырғаға жапсырылған сыр кірпіштер опырылып, түсіп жатыр. Есіктері талапқа сай емес, тар, әрі тапал. Жылу құбырлары да ауыстырылмаған. Басқа да олқылықтар жетерлік,-дейді дәрігерлер.
Абай Дәуітбаев, интервенциялық кардиолог:
Жөндеу жұмыстары толық аяқталмай жатып, жапсырған сыр кірпіштері құлап, сылақтары түсіп жатыр. Дәл осы күйінде тапсырылатын болса, ертең ота барысында стерильді ортаны сақтау қиын болады. Себебі, есіктері де тығыз жабылмайды, стандартқа сай емес. Қабырғалары да қисық, сырланбаған. Терезеден жел гулеп тұр. Жөндеу жұмыстары өте сапасыз жасалып жатыр.
Мердігер сұхбат беруден бас тартқанымен, өз сөзінде қаржы уақытылы бөлінбеді, деген уәжін алға тартты. Ал тапсырыс беруші келісімшарттағы міндеттемелер толық орындалмады деген қарсы талап-арыз жазған. Қос тарап осымен екінші рет соттасып отыр. Салдарынан жөндеу жұмыстары тоқтаған. Жалпы, екі бөлімшенің күрделі жөндеуіне 427,6 млн теңге қарастырылған.
Нариман Ермек, облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қаржыландыруда үзілістер болды, одан қалды мердігер өз жұмысын сапасыз орындады. Сондықтан, келісімшартты бұзу туралы шешімге келіп отырмыз. Орындалған жұмысқа техникалық тексеріс пен аудит жүргізіледі. Соттан кейін басқа мердігер тағайындап, қалған 140 миллион теңге күрделі жөндеуді аяқтауға бөлінеді. Бұл 3-4 ай уақыт алады деп шамалап отырмын.
Кредиторлық қарызға белшесінен батқан қалалық аурухананы қолдау мақсатында 2023 жылы аудандық орталық аурухана деп өзгертіледі. Сөйтіп, «Ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғырту» ұлттық жобасына ілігіп, 2 миллиард теңгеге 22 медициналық қондырғы сатып алынады. Одан қалды арнайы мемлекеттік қордан тағы 2 миллиард теңге бөлінген. Оған бүгінде аурухананың 4 бөлімшесі күрделі жөндеуден өтіп жатыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан мен АҚШ 17 млрд долларлық ірі келісімдерге қол қойды
08.11.2025, 17:47
Алматыда «Заң және тәртіп» жобасы аясында «Құқықтық дәріхана» шарасы ұйымдастырылды
08.11.2025, 17:15
Шетелдік сарапшылар: АҚШ пен Орталық Азия қарым-қатынастың жаңа дәуірін бастады
08.11.2025, 17:15
Қазақстан - Дональд Трамптың екінші мерзімінде Ибраһим келісіміне қосылған алғашқы мемлекет
08.11.2025, 17:11
Павлодарда құрылыста 58 жастағы азамат қайтыс болды
08.11.2025, 17:10
АҚШ пен Орталық Азия арасында жаңа кезең басталды
08.11.2025, 17:10
Қазақы тазы аңшылық сынақтан өтті
08.11.2025, 17:07
Спортшыларымыз Токиода өтетін Сурдлимпиада ойындарына аттанды
08.11.2025, 17:06