Алтын құймасына сұраныс артқан
Қазақстандықтар соңғы үш айда тоғыз мыңнан астам алтын құймасын сатып алған. Саудаланған бағалы металдың салмағы 400 келіден асады. Құны шамамен 29 миллиард теңге. Ұлттық банк өкілдерінің ақпаратынша, алтынның сандық түріне де сұраныс жоғары. Енді сатып алу көрсеткішіне тоқталсақ. Алтынға қызығатындардың көшін Алматы қаласы бастап тұр. Олар 6 мың дана құйма сатып алған. Астана екінші орында. Үштікті Қарағанды облысы түйіндейді. Тұрғындар арасында 10 грамдық құймаға сұраныс жоғары. Бес және жүз грамдық алтынға қызығатындар да бар. Мамандар халық үшін алтын құймалары сенімді және өтімді инвестиция құралы дейді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06