Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі
Қазақстан - АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең сенімді сауда серіктесі. Былтыр осы аймақтан Америкаға жөнелтілген тауарлар мен қызметтердің шамамен 97 пайызы Қазақстанға тиесілі. Бұл деректер Trading Economics халықаралық порталында жарияланды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд доллардан асқан. Өзара тауар тасымалы өздеріңіз көріп тұрғандай, мультимодальды транспорт арқылы жүзеге асады. Яғни, теміржол және теңіз комбинациясын пайдаланады. Каспий теңізінен Баку портына барып, әрі қарай теміржолмен Грузияға жеткізіледі. Одан соң Еуропа порттарынан өтіп, Атлант мұхиты арқылы АҚШ-қа жетеді. Елімізден мұхиттың арғы бетіне мұнай, темір, болат және сирек металдар экспортталады. Ал Америкадан Қазақстанға негізінен ұшақтар, ауыл шаруашылығы техникасы, медициналық жабдықтар, компьютерлер мен телефондар келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы