БҚО-да қайтарылған активтер есебінен салынған медициналық нысандар пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысына әлеуметтік нысандар салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа 27 жобаны іске қосу жоспарланған. Үкіметтің баспасөз өкілдерінің хабарлауынша, жұмыстар Президент тапсырмасына сай жүргізіліп жатыр. Негізгі міндет – халықты сапалы ауызсумен 100% қамту, ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Қазір өңірдегі 5 ауданда фельдшерлік-акушерлік пункт, дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункті салынуда. Жоспарланған 27 жобаның 15-і толық аяқталған. Жыл соңына дейін тағы 10 нысан пайдалануға беріледі, ал қалған екеуін келер жылы аяқтау жоспарланып отыр.
Нұрсұлу Қаресова, зейнеткер:
Ақбұлақпен» су кіргізген азаматтарға рақмет. Дені сау болсын, ғұмырлы болсын. Халық болып «Ақбұлақ» бағдарламасының игілігін көріп жатырмыз. Ыстық суы, салқын суы, бәрі де келіп тұр. Бұрын иін ағашпен тасушы едік, енді рахатын көріп отырмыз.Мадияр Өтешев, Батыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бұл дегеніміз жалпы ауыл халқының денсаулығын жақсартуға, әрбір ауруды ерте кезеңде анықтауға, скринингтік бағдарламадан өтуге, балалар, жүкті әйелдер мен жас аналар, үлкен кісілер бар. Бұл тұрғындарының денсаулығын сақтауға және нығайтуға айтарлықтай септігін тигізеді деп есептейміз.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06