Басты Жаңалықтар Астанада «Turgyndar amanaty» фронт-офисі ашылды

Астанада «Turgyndar amanaty» фронт-офисі ашылды

 Астанада «Turgyndar amanaty» фронт-офисі ашылды

Астанада «AMANAT» партиясы «TURGYNDAR AMANATY» жобасының фронт-офисін ашты. Жоба көпқабатты үйлер мен аулаларды басқарудың жаңа моделін енгізіп, тұрғындардың өз үйі мен ауласының жағдайына тікелей қатысуына мүмкіндік береді.

Партия хатшысы Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғырту реформасымен үндес. Негізгі мақсат — тұрғындар, коммуналдық қызмет және жергілікті билік арасындағы ашық диалог орнату.

Атқарушы хатшы Мұхаммед Болысбек МИБ төрағаларына арналған тегін оқыту курстары мен «OSIskills» семинарлары өтетінін, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі чат-боттар іске қосылатынын айтты.

Қазір Астанада 3300 көппәтерлі үйдің 3020-сы мүлік иелері бірлестігі құрамында жұмыс істейді.

Жобаға қатысу үшін +7 (7172) 36-19-45 телефоны арқылы немесе Тәуелсіздік көшесі, 3 мекенжайына хабарласуға болады.


Бөлісу

Сондай-ақ оқыңыз

Барлығы