Ақтаулық еріктілер тұрғындарды тазалық сақтауға шақырды
Ақтауда белсенді жастар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында ерекше челлендж бастады.
Олар қоғамдық көліктерде жүріп, жолаушыларды тазалық сақтауға, қоқысты арнайы орындарға тастауға шақырды. Игі шара 10 күн бойы қаладағы барлық бағыттағы автобустарда ұйымдастырылады. Айта кетейік, аймақта «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүргізілуде. Ауыл-аймақтарда апта сайын өтетін сенбіліктерге еріктілер де белсенді атсалысып келеді.
Жеңіс Ерболатұлы, ерікті:
Бұл - қарапайым халыққа экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Яғни, қоқыс тастамау. Ағаш отырғызу, сонымен қатар қуат пен суды үнемдеу бағытында өткізіледі. Қазіргі кезде 45 күндік «Таза Маңғыстау» деген челлендж өтіп жатыр. Соған қосылып, күнделікті әдетке айналдыруға тырысу - мақсатымыз.
«Таза бейсенбі»: Мыңға жуық адам сенбілікке шықты
Ал Қызылорда облысы Қазалы ауданы
Әйтеке би кентінде «Таза бейсенбі» акциясы аясында сенбілік өтті. «Amanat» партиясының
бастамасына 81 мекемеден мыңға жуық адам қатысты. Аудан орталығында көшелердің арық жүйелері
тазартылды. Бас аяғы 5 тоннадай қоқыс жинады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы