Astana Media Week: «Qazaqstan» телеарнасы питчинг өткізді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Astana Media Week апталығы аясында келер жылғы телехикаяларға арналған питчинг өткізді. Ашық талқылауға 17 компания өкілі қатысып, 30-ға жуық жоба таныстырылды. Идеяларда түрлі жанр қамтылған. Арасында тарихи хикая, драма, мелодрама, комедия, шытырман оқиғалар бар. Талап бойынша телесериалда адам құқығын қорғау, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллект, еңбек адамдары, бес кесел, дарынды жастар тақырыбы қамтылуы керек. Сонымен бірге, ауыл өміріне, туризм мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытына да басымдық беріліп отыр. Өтінім қабылдау 8 желтоқсанға дейін жалғасады. Тәжірибесі бар мамандар жобаларын корпорацияның электронды поштасына жолдай алады. Сондай-ақ танымал отандық әдеби шығармалардың желісі бойынша да ұсыныстар қабылданбақ.
Болат Мүрсәлім, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының директоры:
Сюжетінің шынайы болуы, драмасының жақсы деңгейде жазылуы сияқты дүниелерге көбірек мән береміз. Питчингке 17 компания келді. Олардың ішінде Сирияға кеткен отандастамыз жайлы хикаялар да бар, ауыл өмірі де бар. Бүгінгі замандағы махаббат хикаялары да бар.
Толқын Сейдоллақызы, «5-студия ТV Production» компаниясының директоры:
Біз «Құда бала» деп аталатын телехикаяның идеясын алып келдік. Жалпы, біздің телехикаяларымызда салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты дәріптеу, ауылдың өмірі мен тыныс-тіршілігін насихаттау, шынайы өмірді, шынайы оқиғаларды көрермен көңіліне жеткізу көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы