Басты Жаңалықтар Президент бекіткен құжат идеологияны жаңғыртады

Президент бекіткен құжат идеологияны жаңғыртады

Президент бекіткен құжат – идеология саласына серпін беретін тұжырымдама. Бұл бұған дейін ауызша айтылып жүрген құндылықтар мен қағидаттардың қағазға түсіп хатталған үлгісі, дейді сарапшылар. Мұнда ішкі саясаттың бірнеше жылдық нақты жұмыс картасы көрсетілген. Мәселен, жастар саясатына қатысты бөлімде білім, патриоттық тәрбие және салауатты өмір салтын дамыту міндеттері айқындалған. Ақпараттық саясатта сапалы контентті арттыру мен жалған мәліметке қарсы күрес шаралары бар. Ал дін мен этносаралық саясатта толеранттылық, зайырлылық және радикализмге қарсы иммунитетті нығайту бағыттары белгіленген.

Дихан Қамзабекұлы, «Қазақ газеттері» ЖШС бас редакторы:
Біздің енді қазір қалыптасып, дамып жатқан еліміздің, жаңа жағдайларға байланысты оның түзілген жолы айқын болуы керек. Тіпті деректі фильм жасайтын азаматтар бар. Немесе үлкен көркемдік шығарма жазып жатқан азаматтарымыз бар. Белгілі бір деңгейде еліміздің негізгі идеологиялық ұстындары неде деген сұраққа жауап табады деп ойлаймын.

Құжатты дайындауға Президент Әкімшілігі жетекшілік етті. Оны әзірлеуге бірқатар министрлік те атсалысқан. Сондай-ақ Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар да ұсынысын енгізген. Жаңа қағидаттар ішкі саясаттағы барлық негізгі бағытты біріздендіріп, елдің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімді сақтауға арналған. Мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің іргетасы да осы құжат арқылы қаланбақ.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
Негізгі қағидаттар заң мен тәртіп. Бұл қазір қоғамға керек қағидат. Яғни заң алдында азаматтар тең болуы керек. Заң бұзған азамат жауапқа тартылуы қажет. Ішкі саясатты дамыту тұжырымдамасы жалпы билік пен мемлекет осы қоғам арасындағы сенімді орнатуға бағытталады.


Бөлісу