Маңғыстауда өнеркәсіптік қалдықтардан арылу жобасы басталды
Маңғыстауда өнеркәсіптік қалдықтарды зерттеу жұмыстары басталды. Аймақта экологиялық қауіпті 14 аумақ анықталған. Бұл жұмыстарға 20 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Қалдықтардың басым бөлігі Қарақия, Түпқараған, Мұнайлы аудандарында және Ақтаудың өндірістік аймағында шоғырланған. Бұл жерлерде кеңес дәуірінен қалған химиялық зиянды заттар болуы мүмкін. Сонымен қатар бұдан 10-15 жыл бұрын төгілген мұнай қалдықтары да жатыр. Мамандар алдымен өнеркәсіптік қалдықтардың құрамын, қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіптілік деңгейін анықтайды.
Ілияс Сәндібаев, облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры:
Түпқараған ауданындағы теңіз жағалауында суға батып кеткен кемелер бар. Олар да өндірістік қалдықтар көмілген аумақ болып саналады. Алдымен кеме бортында жанар-жағармай немесе жарылғыш заттың бар-жоғын анықтаймыз. Содан кейін инвентаризациялау және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Шымкентте «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасын тапты. Сенбілік Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында өтті. 50-ден астам адам арық-атызды қалдықтан тазартып, ауланы сыпырып ретке келтірді. Мұндай тазалық жұмыстары жыл басынан бері 45-ші рет ұйымдастырылып, нәтижесінде 42 тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Жалпы атаулы акцияға 3 мыңнан астам азамат атсалысқан.
Ербол Байқонысов, «Amanat» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары:
Бірінші кезекте бізде «е-өтініш» арқылы түседі. Қоғамдық қабылдауларымызға келетін тұрғындарымыз бар және өзіміздің жергілікті әкімшілік және филиал қызметкерлері осындай таза емес жерлерді өздері тауып, біз барып соларды тазалауға кірісеміз. Бірінші кезекте «Аманат» партиясының басты мақсаты – тек тазалаумен ғана емес, осы Шымкент қаласының тұрғындарын, қонақтарын тазалық сақтауға шақыру.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы