Ұлттық Ұлан сарбаздары аналарына тосын сый жасады
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Қарулы Күштер қатарына шақырылушыларды шығарып салу рәсімі өтті. Жиында Ұлттық Ұланда борышын өтеп жүрген 2 сарбаздың ата-анасы сөз сөйледі. Сол сәтте әскерде жүрген балалары сахнаға шыға келді.
Сағынысқан ана мен
баланың қауышуы - залдағы көрерменге ерекше әсер сыйлады. Отбасы мүшелерінің көзінен қуаныш жасы көрінсе,
жігіттердің бойынан сағыныш пен мақтаныш сезімі байқалды. Бұл кездесу әскери
борышын өтеп жүрген сарбаздарға рух беріп, отбасы мен Отан арасындағы
байланысты нығайта түсуге сеп. Сондай-ақ, жас буынды ерекше жігерлендірді. Айта
кетейік, жыл сайын Шахтинск қаласынан шамамен 140 жас мерзімді әскери қызметке
аттанады.
Гүлдана Ермекқызы, Ұлттық Ұлан әскери қызметшісінің анасы:
Бүгін менің жүрегім толқыған күн болды. Өйткені Ұлттық ұлан 5573 тосын сый жасады бізге. Мен өте қуаныштымын. Ұлымды көріп, толқып тұр енді жүрегім, ана жүрегі.
Аман Жұмажанұлы, Ұлттық Ұлан әскери қызметшісінің әкесі:
Бара жатқан жас сарбаздар қорықпай, аман-есен әскери міндеттерін атқарып келсін. Ұлым Астана қаласында 5573 Ұлттық Ұлан әскерінде жүргеніне 5 айдан асып кетті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы