Түркияда тас көшкінінен екі адам опат болды
Түркияның Орду провинциясында шағылтас өндіретін карьерде тас көшіп, екі адамды басып қалды. Апат орнында бірнеше сағат жұмыс істеген құтқарушылар үйінді астынан бір жұмысшының денесін шығарды. Оның осы карьерде жұмыс істейтін экскаватор жүргізушісінің денесі екені анықталды. Оқиға орнында әлі де ондаған техника мен жүзден аса құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Тас көшкіні астында қалған тағы бір адам жүк көлігінің жүргізушісі екені нақтыланды. Мамандар апаттың қайталану қаупі жоғары болғандықтан құтқару жұмыстары аса сақтықпен, баяу жүргізіліп жатқанын айтады. Куәгерлердің сөзінше күндізгі уақытта карьерде жоспарлы бір жарылыс жасалған. Алайда жарылыстан бірнеше сағат өткен соң таудың үлкен бір бөлігі опырылып түсіп, бірнеше жұмыс техникасын басып қалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы