Басты Жаңалықтар Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды

Ақмола облысында Жабай өзенінің арнасы тазаланды

Ақмола облысындағы  Жабай өзенінің арнасы тазаланып, түбі тереңдетіліп жатыр. Бұл жұмыстарға арнайы корпоративтік қордан 4 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

Балкашино ауылының ішімен өтетін өзенді былтырдан бері тазалап жатыр. Осы уақыт аралығында өзен арнасының 4,5 шақырымы тегістеліп, түбі 5 метрге дейін тереңдетілді. Сондай-ақ сыйымдылығы бір миллион 900 мың текше метр болатын су қоймасы салынды. Бұл көктемде су тасқынының алдын алуға мүмкіндік береді дейді мамандар .

Владислав Гаевский, мердігер компанияның бас инженері: 

Қазіргі уақытта өзен арнасын тазартып, тереңдету жұмыстарына 50 дана техника  тартылып отыр. Оның 26-сы шынжыр табанды трактор. Сондай-ақ экскаваторлардың бірнеше түрі бар. Жобаны осы қараша айының соңына дейін аяқтаймыз деп отырмыз.  
 

Бөлісу