Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясын өткізу дәстүрге айналды
Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың сол жағалауында ауқымды сенбілік өтті.
Көпқабатты тұрғын үй аулалары қоқыстан тазартылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен полигонға шығарылды. Сондай-ақ акцияға қатысқан көпшілік көше бойын сыпырып, арық жүйелерін ретке келтірді. Ал белсенді жастар тұрғындарға тазалық мәдениетін қалыптастыруға үндейтін парақшалар таратты. Жалпы, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны басталғалы өңірде 420 мыңнан астам адам игі іске жұмылып, 18 мың тоннадан астам қоқыс жиналған.
Сапарғали Асылбеков, «Қызылорда тазалығы» коммуналдық мекемесінің басшысы:
«Таза Қазақстан» акциясына байланысты қаламызда көптеген көшеге санитарлық тазалық жұмыстарын, одан бөлек қоқысты шығару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Тоқсан техника 270 адамдай жұмыс істеп жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06