Ақмола облысында 370 келі есірткі тәркіленген
Ақмола облысында жыл басынан бері 370 келі есірткі
тәркіленді. 279 заң бұзу дерегі тіркелген. Бүгінгі күні психикалық денсаулық
орталығында есепте тұрған 409 адамның төртеуі кәмелет жасқа толмағандар. Соңғы
кезде есірткі саудасына жастарды арбауда. Сондықтан қылмыстың алдын алу
мақсатында Ақмола облысының Полиция департаменті оқушылармен және студент
жастармен жиі кездесу өткізетін болған. Олар есірткіні тасымалдау, сақтау сынды
заңсыз әрекеттердің салдарын түсіндіріп, статистикалық мәліметтерді мысалға
келтірді. Темір тордың арғы жағында отырып, өкінген жандардың сұхбатын
тыңдатты.
Азия Курсанова, облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға
жедел уәкілі:
«Есірткісіз өмір. Таңдау сенікі» тақырыбында форум өткізбекпіз. Осы бағытта түрлі акциялар, рейдтер ұйымдастырамыз. «Есірткі таратып, жеңіл ақша табамыз деп, алданған жандардың тағдырын мысал етіп, қылмыстың алдын алуға күш салудамыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06